Суббота, 18.05.2024, 19:59
Приветствую Вас Гость | RSS

Моңғол қазақтарының тарихы мен өнері

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 33
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2010 » Декабрь » 4 » Баян-Өлгей аймағы – бұзылмаған қаймағы
09:30
Баян-Өлгей аймағы – бұзылмаған қаймағы

Тарихи деректерді сөйлетсек. Монғолияға қазақтар 1860 жылдары, яғни Ресей мен Қытай империясы қазақ жерін бөлшектеп, алғаш шекара бағынан қадай бастаған тұста Монғолияның Маньчжурияның бұғауынан босап жеке шаңырақ құруға ұмтылған кезеңінде қоныс аударған екен. Монғолия мен Қытай арасындағы шекара 1930 жылдарға дейін ашық болғаны белгілі. Осы уақытта мал жағдайына орай Алтайдың күнгейі мен теріскейіне көшіп қонып жүрген қазақтың бір бөлігі монғол билеушісінен арнайы жер сұрап, Алтайдың арғы бетінде қонақтап қалған делінеді. Баян - Өлгей аймағы саяси әкімшілік бағыныштылығы жағынан монғолияға тиесілі болғанымен, осы 70 жыл ішінде ондағы идеология қазақы идеология болды. Қазақтың жырақта тігілген жеке атауындай күй кешті. Алыс шетелдегі дәл осындай құрылыммен жасақталған, жеке мәдени автономиясын құрған қазақтар бірден – бір деп атауға болады. Кейде маркстік-лениндік коммунизмнің қазаққа бергенін де жоққа шығармау керек сияқты. Олай дейтініміз, Монғолиядағы азғана қазақтың өсіп-өркендеуіне, өзінің дара ұлттық мәдениеттің жасақтауына бірден-бір септігін тигізген осы маркстік- лениндік ұлт саясаты. Сол жылдардағы ұлттардың өзін-өзі басқару идеясы 40 мыңға толмаған қазақтардың жеке ұлттық аймақ құруына мүмкіндік тудырды. 1940 жылы тамыз айында 20 киіз үймен алғашқы құрылтайы болып өткен. Осы құрылтайда қазақтың ұлттық Баян-Өлгей аймағын құру туралы Қаулы қабылданып, оның басшысы ретінде Бежеұлы Қаблды сайлау туралы шешім шыққан Баян-Өлгей аймағы жасақталғанда, 10 аудан (сұмык) 56 ауылдан (бақ) тұрған екен. Бұнда 7063 отбасы, 32 мыңнан астам адам. 9 миллионан астам малы болған екен. Осы кезеңнен бастап, Баян-Өлгей аймағына Қазақстаннан арнайы мамандар келіп, әр саланың көркеюіне, дамуына өз үлесін қосты. Әр ауыл да жаңадан сауат ашу мектептері ашылып, алғаш 40 адамнан құралған ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Осы кезде Қазақстаннан Абай Қасымов, Шәріп Өтепов, секілді саяси қайраткерлер келсе, Алдаберген Мырзабеков, Хабаболда Тастанов секілді өнер қайраткерлері қазақ ұлттық театрының шаңырағын көркейтуге ат салысты. Ал, Төлеубай Қордебаев Тілеуберді Сауранбаев секілді оқу-ағарту саласының мамандары әр ауылда мектеп ашуға өрісті. Тағы бір айта кетерлігі-мектептердегі оқу ағарту-ісі, идеологиялық іс-шаралардың барлығы Қазақстанның бағдарламасымен жүргізіліп отырған. 1990 жылға дейін Қазақстанда жарық көретін мерзімді басылымдардың барлығы Баян-Өлгейге жеткізіліп тұрды. Оқулықтардың барлығын дерлік Қазақстаннан алдыратын. Тек қана Монғолияның географиясы мен тарихын, әдебиетін монғол тілінен қазақ тіліне аударып шығаратыны мәлім. Бастауыш сыныптарға арналған «Балдырған» журналымен «Қазақстан пионері», газетін, «Пионер» журналдарын толтырып оқитын «Балдырған» журналының ішінде «Балдырған кітапханасы» сериясымен «Қазақстанға» қатысты кітапшаларды арнайы қиып алып, жаттап жүретін сонда «Қазақстан жолауы» алты өлең де болатын. Аймақ тұрғындары болашағында, рухани әулетін де Қазақстанмен байланыстырып келеді оның қасында тілін жақсы түсіне бермейтін монғолдармен ара-қатынастар тым етене бола қоймаған еді. Аймақтағы ұлт тілі қазақ тілінің дамуы жақсы деңгейде: Қазақ тілі тіл болудан қалса егер, жүрегімді суырып – ақ алыңдар. Бұл сөзімді Ленинше ұғыңдар дейтін. Өлке жастары осындай қазақтың жарқын патриоты болып тәрбиеленді. Оған себеп – Баян - Өлгейдегі ұлттық саясат. ұзылмаған қаймағы Тарихи деректерді сөйлетсек. Монғолияға қазақтар 1860 жылдары, яғни Ресей мен Қытай империясы қазақ жерін бөлшектеп, алғаш шекара бағынан қадай бастаған тұста Монғолияның Маньчжурияның бұғауынан босап жеке шаңырақ құруға ұмтылған кезеңінде қоныс аударған екен. Монғолия мен Қытай арасындағы шекара 1930 жылдарға дейін ашық болғаны белгілі. Осы уақытта мал жағдайына орай Алтайдың күнгейі мен теріскейіне көшіп қонып жүрген қазақтың бір бөлігі монғол билеушісінен арнайы жер сұрап, Алтайдың арғы бетінде қонақтап қалған делінеді. Баян - Өлгей аймағы саяси әкімшілік бағыныштылығы жағынан монғолияға тиесілі болғанымен, осы 70 жыл ішінде ондағы идеология қазақы идеология болды. Қазақтың жырақта тігілген жеке атауындай күй кешті. Алыс шетелдегі дәл осындай құрылыммен жасақталған, жеке мәдени автономиясын құрған қазақтар бірден – бір деп атауға болады. Кейде маркстік-лениндік коммунизмнің қазаққа бергенін де жоққа шығармау керек сияқты. Олай дейтініміз, Монғолиядағы азғана қазақтың өсіп-өркендеуіне, өзінің дара ұлттық мәдениеттің жасақтауына бірден-бір септігін тигізген осы маркстік- лениндік ұлт саясаты. Сол жылдардағы ұлттардың өзін-өзі басқару идеясы 40 мыңға толмаған қазақтардың жеке ұлттық аймақ құруына мүмкіндік тудырды. 1940 жылы тамыз айында 20 киіз үймен алғашқы құрылтайы болып өткен. Осы құрылтайда қазақтың ұлттық Баян-Өлгей аймағын құру туралы Қаулы қабылданып, оның басшысы ретінде Бежеұлы Қаблды сайлау туралы шешім шыққан Баян-Өлгей аймағы жасақталғанда, 10 аудан (сұмык) 56 ауылдан (бақ) тұрған екен. Бұнда 7063 отбасы, 32 мыңнан астам адам. 9 миллионан астам малы болған екен. Осы кезеңнен бастап, Баян-Өлгей аймағына Қазақстаннан арнайы мамандар келіп, әр саланың көркеюіне, дамуына өз үлесін қосты. Әр ауыл да жаңадан сауат ашу мектептері ашылып, алғаш 40 адамнан құралған ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Осы кезде Қазақстаннан Абай Қасымов, Шәріп Өтепов, секілді саяси қайраткерлер келсе, Алдаберген Мырзабеков, Хабаболда Тастанов секілді өнер қайраткерлері қазақ ұлттық театрының шаңырағын көркейтуге ат салысты. Ал, Төлеубай Қордебаев Тілеуберді Сауранбаев секілді оқу-ағарту саласының мамандары әр ауылда мектеп ашуға өрісті. Тағы бір айта кетерлігі-мектептердегі оқу ағарту-ісі, идеологиялық іс-шаралардың барлығы Қазақстанның бағдарламасымен жүргізіліп отырған. 1990 жылға дейін Қазақстанда жарық көретін мерзімді басылымдардың барлығы Баян-Өлгейге жеткізіліп тұрды. Оқулықтардың барлығын дерлік Қазақстаннан алдыратын. Тек қана Монғолияның географиясы мен тарихын, әдебиетін монғол тілінен қазақ тіліне аударып шығаратыны мәлім. Бастауыш сыныптарға арналған «Балдырған» журналымен «Қазақстан пионері», газетін, «Пионер» журналдарын толтырып оқитын «Балдырған» журналының ішінде «Балдырған кітапханасы» сериясымен «Қазақстанға» қатысты кітапшаларды арнайы қиып алып, жаттап жүретін сонда «Қазақстан жолауы» алты өлең де болатын. Аймақ тұрғындары болашағында, рухани әулетін де Қазақстанмен байланыстырып келеді оның қасында тілін жақсы түсіне бермейтін монғолдармен ара-қатынастар тым етене бола қоймаған еді. Аймақтағы ұлт тілі қазақ тілінің дамуы жақсы деңгейде: Қазақ тілі тіл болудан қалса егер, жүрегімді суырып – ақ алыңдар. Бұл сөзімді Ленинше ұғыңдар дейтін. Өлке жастары осындай қазақтың жарқын патриоты болып тәрбиеленді. Оған себеп – Баян - Өлгейдегі ұлттық саясат.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 2414 | Добавил: Kanly | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 1
1 ЖУМАЙ  
0
Бул менин туган жерим Баян Олгий аймагы, мен сени курмет тутам,

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024