Суббота, 18.05.2024, 19:06
Приветствую Вас Гость | RSS

Моңғол қазақтарының тарихы мен өнері

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 33
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2010 » Ноябрь » 26 » Моңғолиядағы қазақ әдебиеті
13:30
Моңғолиядағы қазақ әдебиеті
Қазақ ауыз әдебиетінен бастау ала отырып, ұлт сөз өнерінің бір тармағы ретінде дамыды. Өлкедегі қазақтардың жиналған ауыз әдебиеті үлгіледі 5 томдық кітап ретінде басылып шықты. Батыс Моңғолияны қазақтар 1867 жылдан қоныстана бастаған. 1940 жылы Баян Өлгей аймағы құрылған. Ол Моңғолиядағы қазақтардың әлеуметтік – саяси өміріне бетбұрыс әкелді, әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады:  
1) 1940-1970 жылдар – жаңа әдебиеттің қалыптасу кезеңі. 
2) 1970 жылдан қазірге дейінгі даму кезеңі.
1942 жылы 3 қыркүйекте «жаңа әліпбиді қолдану туралы» қаулы қабылданып, латын әліпбиінің орнына кирилл әліпбиі қолданысқа енгізілді, ана тілінде алғаш рет «өркендеу» газеті (қазіргі «жаңа өмір») жарыққа шықты. Моңғолия жазушылар одағының 1948 жылы өткен құрылтайына (съездіне) А.Бабиұлы, Қ.Мұқамедқалиұлы бастаған қазақ қаламгерлеріне арналған үйірме ашылып, 1957 жылдан 3 ай сайын жарық көретін «Жаңа - талап» альманағы (қазіргі «шұғыла») шыға бастады. 1968 жылы 28 желтоқсанда Моңғол халық Республикасы жазушылар одағының қазақ бөлімшесі ресми түрде құрылды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің жаңғыруына, әсіресе жаңа әдебиеттің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ақтан Бабиұлы жасынан айтыскер ретінде танылып, «кедей күні», «сары мешелге», «Қарау байға», «жөргем салға» «Халел мен Мәлік молдаға» атты уытты өлеңдерімен өз заманындағы мешеулікті сын тезіне алды. Ақынның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбала ақындармен айтыстарын сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы деуге болады. Құрмахан Мұхамедиұлы (1923-1964) әдебиеттегі жолын өлең жазумен бастады. Оның «құттықтау», «қыс», «қазақстандық достарға», «тау қойнындағы жеке дара» секілді өлеңдері сезімнің шынайы суреттелуімен ерекшеленеді. Ақын Арғынбай Жұмажанұлы, «тақпақтар»(1949), «Ертіс жырлары»(1972), «Мықтыкөл»(1979), жинақтарымен танылды. Даниал Дікейұлының «жетілген жетім», «тақ алдында», «солдат сөзі», «Алтай аясында» атты поэмалары, Имамхан Байбатырұлының «Телқоңыр», «Аққу әкі», Шабдарбай Қотшанұлының «көрімдік», «шығыстағы алау», «майлы жер», Дайын Қалаубайұлының «жас дәурен», «Гүлсім» секілді жинақтары поэзияның даму жолындағы айтулы туындылары болды. Әдебиеттің аға буыны Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия мен орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, У.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, Солдатхан, Ж.Қуанған, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан секілді өлең өнерінің биік үлгіде дамуына үлес қосты. Моңғолия қазақтарының әдебиетінде проза жанры 1955 жылдан кейін ғана дами бастады. Мұхамадиұлының тұңғыш әңгімесі «Алғашқы қадам» (1964), оның прозаға жасаған сәтті қадамы болды. «Жұрт ала ма? жұт ала ма?» атты эссесінде оқырман жылы қабылдады. Көркем проза М.Құлыбекұлының «мұралық», «көк лақтың құпиясы» әңгімелері мен «Қызыл қайың хикаясы» повесі арқылы жалғасын тапты. Ш.Нығышұлының «күрделі керуен»(1967), Ж.Шалұлының «көкала жорға» (1969), Қ.Ойнақбайұлының «ананың ақ тілегі»(1574), «менің анам», «етікшінің баласы», М.Байтықасынұлының «күміс керуен»(1978) секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970 жылдан бастап моңғолия қазақтарының әдебиетінде бірнеше роман жарық көрді. Алғашқы роман Мұқамедқадиұлының «қобда қойнауында» саналса, кейін Ш.Қатшанұлы «Өз қолымен», Нығышұлы «ұрпағың үзілмесін», Шалұлы «Үлкен үй», Қ.Арыспайұлы «жиек-ите», С.Әбілқасымұлы «Қара боран», Тәукейұлы «Мұнар таулар» романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белемке көтерілгенінің дәлелі еді. Драматургия жанрында Бабиұлының «Ер малай» пьесасы алғашқы қарлығаш саналса, «Жамал»(1941), «Еріншек пен екпінді әйел»(1942), «Қалқаман-Мамыр», «Ағайша» секілді пьесалары театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына септігін тигізді. Мұқамедиұлының «Кезең үстінде», «Қарға қарғаның көзін шұқымайды», «жасыл доң», «Тұлба көл шайқасы», секілді драмалық шығармалары күрделі жанрда игеруде соны соқпақ салды. А.Жұмажанұлының «талаптылар мен табынушылар», пьесасы1956 жылы сахналанды. Ол «Ертіс мыңдығы», «Сандуғаш» секілді драмалық туындалар мен «Шайқас алдында», «Домбыра әуені» фильмдерінің сценариін жазды. Ж.Баят, Қ.Шабдарбай сияқты қаламгерлер драматургияның дами түсуіне үлесін қосса, Байбатырұлы «Керім-Топыш» либреттасын жазды. Моңғолия қазақ әдебиетінің драмалық шығармалары негізінен Баян Өлгий аймақтық театрында қойылды. Көркем аударма Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыралының түгелдей дерлік моңғол тіліне тәржімаланады. Сондай-ақ моңғолдың көне фольклорлық мұралары қазақ тіліне аударылды. Аударма ісінде Шалұлы, О.Қаһар, І.Қабышұлы, М.Сұлтан, Ж.Қамайұлы және Б.Құманханұлы, Қ.Жұмақанұлы есімдерін атап айтуға болады. 
 Р.Қорғанбайұлын, Ж.Қамайұлын, С.Рахмедиұлын, А.Мауқараұлын, Е.Кәпіқызы мен Д.Кәпіұлы, А.Ақынбабақызы т.б. жас қаламгерлер еңбек етеді, олардың 20-дан астамы моңғолия жазушылар одағының мүшесі, 70-тейі одақтың аймақтық бөлімшесіне мүше. Барлығы 300ге тарта әдеби шығарма, зерттеу еңбектер мен қазақ қаламгерлерінің 30жуық жинағы моңғол тілінде жарыққа шықты. Қазіргі уақытта Монголия қазақтарының әдебиеті жанрлық тұрі жан-жақты дамыған бай, әрі мазмұнды әдебиет болып саналады. 

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 1546 | Добавил: Kanly | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Манарбек  
0
Соңғы кезде шығып жүрген жас буынның көңілге олқы тұстары көп кездеседі. Ізденуден де шығар, бәлкім.

1 ЖУМАЙ  
0
Моңғолиядағы Қазақ Әдебиеті өте дамыған бай, әдебиет екені рас.

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024