Суббота, 18.05.2024, 16:33
Приветствую Вас Гость | RSS

Моңғол қазақтарының тарихы мен өнері

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 33
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2010 » Ноябрь » 27 » Ғылыми жобаны зерттеудің өзектілігі
13:04
Ғылыми жобаны зерттеудің өзектілігі

Зерттеудің өзектілігі. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы қазақ халқы үшін тарихи толқымалы жағдайларға, қазақтың ұлт ретінде өмір сұру тағдырын шешуі мүмкін болған оқиғаларға толы аса қиын заман болды. Замана соққысы мен тарыдай шашылған қазақ баласы басы ауған жаққа жан сауғалап кеткенімен, кейіннен ес жиып, барған жерінде өзге халық арасына жұтылып кетіп, ұлттық болмысын, ана тілін, салт-сапасын, мәдениетін, өнерін барынша сақтап қалуға тырысты. Берісі Қытай, Моңғол, арысы Ауған, Үнді, одан әрі Түркия мен Батыс Европаға өтіп кетсе де, қазақи болмысын сақтап, шетелдегі қазақ диаспорасы ретінде қазақ ұлтының бір бөлшегі болып өмір сүруін жалғастырды. Сондай диаспорының бір тобы Моңғолиядағы қазақтар.

Осы қазақ диаспорасының келешегіне көз жүгіртіп, ұлт болып сақталуына мүмкіндік жасаудың маңызы зор. Алтай тауының теріскей бетінде қазақ ұлтының шағын тобы өз бетінше дербес өмір сүріп, білім-ғылым көшінен қалмай, ана тілің қастерлеп, өз ұлтының рухымен, мәдениетімен, өнерімен сусындап, рухани байлығының сарқылмастай қорын жинап келді. Сондықтан Моңғол қазақтарының мәдениетін зерттеу, соған орай пәрменді бастамалар көтеріп, бағыт-бағдар беру, олардың білім алуда, мәдени-рухани дамуда өткізген тағдыр талабына есеп жасап, диаспора мәселесіне қатысты стратегиялық ұстамын белгілеп, саясат жүргізу ұлт мүддесінен туындайтын өзекті мәселе болмақ. Осы саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан республикасы Президентінің 2005 жылы 21 қарашадағы №1673 жарлығымен «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Аталған құжат негізінде Моңғол қазақтарының мәдениетін, өнерін зерттеп, саралап, қорытынды жасау бүгінгі күні ғылыми маңызы бар іс болып табылады.

Шетелдегі қазақ диаспорасының соңын ішінде Моңғолиядағы қазақтарының өкілдері жасаған әдеби-мәдени құндылықтар – қазақ елінің жемісі мен мақтанышы болмаққа керек. Бұл мәселе жөнінде дүние жүзілік қазақтарының үшінші құрылтайында Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол –мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы. Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған елдерінде де сирек кездеседі. Аса ауқымды бағдарлама шеңберінде Ресей, Қытай, Моңғолия, Иран,Түркия және араб елдері мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректер жинастырылып, алды жариялана бастады. Енді осы елдерде тұратын қандастарымыздың аса бай әдеби, фольклорлық және музыкалық мұрасы да зерттеліп жарық көруге тиіс...

Тарихи кезеңдерде қалыптасқан мәдени-рухани тәжірибені зерттей отырып, олардың ұлт мүддесіне пайдалы жақтарын жаңа жағдайда пайдалану керектігі айқын. Моңғолиядағы қазақтардың мәдениет, өнер, білім саласындағы даму ерекшеліктерін жекелеген аймақтық материалдар негізінде ашып көрсету сол тарихи кезеңдегі Соңғолиядағы қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең ұғынуға кең жол ашады. Сондықтан да, біз ғылыми-зерттеу жұмысымызды Моңғолия мемлекетіндегі қазақтар тұратын Баян-Өлгей, Кобда аймақтары туралы мәліметтер негізінде зерттеуді басты нысанаға алдық.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 2896 | Добавил: Kanly | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 2
2 Олжас  
0
bul saitha barlih hazah handastar honah bolnizdar

1 Олжас  
0
ote tamash jazilgan

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024